Жарияланым этикасы


«ҚазЭҚХСУ жаршысы» журналының редакторлары басылымдармен жұмыстың барлық кезеңдерінде этикалық қағидаларды ұстанады. Біз Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (Committee on Publication Ethics, COPE) этика кодексін ұстана отырып, оның ұсыныстарын орындауға тырысамыз. Біз жарияланымдармен жұмыс жасау процесіне қатысатын барлық тараптардан: авторлардан, редакторлардан және рецензенттерден этикалық мінез-құлық қағидаттарын ұстанады деп үміттенеміз.


Жалпы  міндеттер және редакция жауапкершілігі


Редакторлар мақаланы тек академиялық жетістіктері мен ғылыми маңыздылығына қарай бағалайды. Журнал құрылтайшысының жариялау туралы шешім қабылдау процесіне араласуға құқығы жоқ. Шешімаяа да пікірлерден ажыратылған. Редакторлар автордың жазбаша келісімінсіз жарияланбаған ақпаратты өз зерттеулерінде пайдаланбаувт ақпараттың құпиялылығын сақтайды және рецензенттерге мұны ұстану қажет екенін ескертеді. Редакторлар мақаланы жариялау туралы шешімнің күшін  жариялауға байланысты заңнама немесе этика нормалары бұзылмаған жағдайда, жоя алмайды. Егер жосықсыз әрекетке күдік туындаса немесе автордың (авторлардың) әділетсіз әрекеттері туралы шағымдар немесе айыптаулар түссе, редакция алқасы COPE ұсынымдары негізінде шаралар қолданады. Бұл жарияланған және әлі жарияланбаған материалдарға бірдей қатысты. Редакторлар журналдың тақырыбына немесе талап етілетін сапа деңгейіне сәйкес келмейтін болса, рецензенттерсіз мақаладан бас тарта алады. Бұл шешім объективті түрде тек мақаланың мазмұнына сүйене отырып қабылдануы керек және мұндай шешім қабылдау критерийлері авторға нақты көрсетілуі керек. Редакторлар мен рецензенттер дұрыс жұмыс істемеу сындары мен зерттеудің шектеулері мен кемшіліктерін ажырата білуі керек. Ғылыми пікірталастар – ғылым сапасын жақсартудың ең жақсы тәсілі, сондықтан олар көтермеленеді. Редакторлар, ҚазЭҚХСУ қызметкерлері, редакция алқасының мүшелері өз зерттеулерін журналға жариялауға ұсына алады, олардың мақалаларын бағалау басқа авторлардың мақалаларына қарағанда неғұрлым әділетті болуы керек.


Авторларға арналған этикалық қағидалар


Авторлар өздерінің зерттеу жұмыстарының ғылыми маңыздылығын объективті негіздеуді қамтамасыз етуі керек. Түпнұсқалық бірегей қорытындылар және/немесе ұсыныстар болған кезде шолу мақалаларын жариялауға рұқсат етіледі. Авторлар редакцияға ұсынылған мақалалардың бірегей екендігіне және егер мақалада басқа жұмыстар қолданылса, бұл тиісінше көрсетілгеніне кепілдік береді. Дереккөзге сілтеме жасамастан сөзбе-сөз көшіру, дереккөзге сілтеме жасамай өз сөзімен жазу, сонымен қатар өзін-өзі плагиат (егер мақаланың элементтері бұрын жарияланған болса, авторлар бұған сілтеме жасай алады) сияқты плагиат кез-келген формада қабылданбайды. Жалған және тексерілмеген ақпаратқа жол берілмейді. Авторлар редакцияға ұсынылған мақалалар басқа басылымдарда қарастырылмайтынына кепілдік береді. Мақаланы бір уақытта бірнеше басылымға жіберу этикалық мінез-құлыққа жатпайды және қабылданбайды. Мақаланы ұсынған автор барлық қосалқы авторлардың (бар болса) оның соңғы нұсқасымен және оны журналға жариялау үшін келісуімен қамтамасыз етуі керек. Зерттеулерді қаржыландыру көздері, егер бар болса, жариялануы және көрсетілуі керек, оның зерттеу жүргізудегі және/немесе мақаланы дайындаудағы рөлі көрсетілуі керек.


Рецензенттер үшін этикалық қағидалар


Рецензенттер мақаланы рецензиялауға білімдері жеткілікті болғанда және келісілген мерзім ішінде қарауға уақыттары бар болғанда ғана, мақаланы рецензиялауға келісуі керек. Егер рецензент мақаланы дайындауға немесе онда сипатталған зерттеулерге қатысқан болып шықса, онда асент рецензиялау құпиялылығына құрметпен қарауы және редакция рұқсат берген адамдардан (мысалы, редактордан) ныбарысында немесе одан кейінгі уақытта мәліметтерді жария етпеуі керек. Рецензенттің шолу барысында алынған ақпаратты өз пайдасы үшін немесе басқа адамдар мен ұйымдардың беделін түсіру үшін пайдалануға құқығы жоқ. Рецензент мақаланы қарауға байланысты ықтимал мүдделер қақтығысы туралы редакторды хабардар етуі керек немесе егер ағымдағы жағдай мүдделер қақтығысы болып табылатындығына сенімді болмаса, редактордан кеңес сұрауы керек. Авторлар соңынан жұмысты жақсарту үшін пайдалана алатындай, бағалау объективті түрде жүргізілуі керек, қорытындылар нақты тұжырымдалуы және негізделуі керек.