Вестник жайлы мағлұмат

«Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті» мекемесі тоқсан сайын «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жаршысы» ғылыми журналын шығарады.

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінде тіркелген (2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 8853-Ж тіркеу туралы куәлік), 2009 жылдың қаңтарынан шыға бастады.

Журналды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті 2015 жылы тіркеді. 2015 жылғы 07.07-ден №15459-Ж тіркеу куәлігі (екінші мәрте).

№ KZ67VPY00015604 тіркеу куәлігін 2019 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті берген.

2012 жылдың шілдесінде ол ISSN сериялық басылымдарды тіркеу халықаралық орталығында тіркелді (ЮНЕСКО, Париж, Франция) және журналға ISSN2301-7216 нөмірі берілді.

Журналдың мақсаты – экономикалық ғылым саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің соны нәтижелерін көрсету.

«Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жаршысы» журналының редакциялық саясатына мыналар кіреді:

– авторлар үшін мақалалар рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

– жариялау этикасы;

– мақалаларды рецензиялау тәртібі. 

Шығу жиілігі: тоқсанына 1 рет

Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар жариялайды.

Мақаланы журналға жариялау құны 3500 теңгені құрайды.

Шетелдік авторлардың қолжазбаларын қарап шығу және жариялау үшін ақы төленбейді. 

Банк реквизиттері: 

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің мекемесі

ЖСН 600300112623

ИСН (БСН) 000840001204

ҚҰЖЖ 39350963

IBAN KZ52 551Z 1280 0002 2KZT

«Банк Kassa Nova» АҚ филиалы, Нұр-Сұлтан қ.

BIC KSNV KZ KA KБе18

Заңды мекен-жайы: 010005, Нұр-Сұлтан, Жұбанов көш., 7